Спорт
1 мин оқу 514

Ертең Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады

<p style="text-align: justify;">19 сәуір күні Ұлан-Баторда (Моңғолия) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

Жарыс кестесіне сәйкес 19 сәуір күні 55, 63, 77, 87 және 130 кило салмақ дәрежесіндегі балуандар белдеседі. Ал 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.

Азия чемпионаты кезінде ел намысын 10 балуан қорғайды. Олар:

 55 кило: Аманғали Бекболатов 

 60 кило: Ернұр Фидахметов

 63 кило: Мирамбек Айнағұлов 

 67 кило: Мейіржан Шермахамбет

 72 кило: Абылайхан Әмзеев

 77 кило: Мақсат Ережепов

 82 кило:  Диас Кален

 87 кило: Нұрсұлтан Тұрсынов

 97 кило: Санжар Серікқан

 130 кило: Әлімхан Сыздықов

Бөлісу:
Ертең Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар