Спорт
1 мин оқу 412
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы топ жарды
<p style="text-align: justify;">Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогы сериясының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан гимнастика федерациясына сілтеме жасап. </p>

Алғашқы екі кезең Афина мен Софияда өтті. Қазақстан командасы көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда Ташкенттегі әлем кубогында көпсайыста қола медаль ұтып алды.
Команда құрамында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.
Болгариядан келген жеңіл атлеттер алтыннан алқа тақты, ал Өзбекстан құрамасы күмісті еншіледі.
Бөлісу: