Өнер
2 мин оқу 1,120

Шопан әні

<p style="text-align: justify;">Ұлы қазақтың ұшқан ұясына қарасаңыз ұлан-ғайыр даланың бір пұшпағындағы қойшы ауылы қол бұлғайды. Түйе мініп төрт түлігін түгендеген алаш баласының атадан қалған аманаты осы &ndash; тұяқты мал. Соған сай салт-дәстүрі де сараланып, жаңа өрістей жаңғырып тұрады. Сол үрдістің бір үзігі осы шығарманың алтын арқауы секілді. Жайлаудағы шопанның әні майдақоңыр самал желмен бірге тербеліп тұрғандай.</p>

Шопан әні

Қазақтың маңдайына біткен қылқалам шебері Молдахмет Кенбаевтың «Шопан әні» кар­тинасы ауыл баласының асқақ арманының шамшырағы іспетті. Нағыз қазақтың бекзат болмысын, дарқан дидарын, қою портретін шопанның бойын­а құйып қойғандай.

Былайғы жұртқа бейтаныс Молдахмет Кенбаев – қазақ даласының нағыз жыршысына айналған суретшілердің бірі. Оның картиналарында та­­биғат адаммен, шопанның еңбе­гімен тығыз байланысты. Со­дан да болар пейзаждық ком­­позицияларының жанрлық бас­тауы солардан бастау алады.

1954 жылы тың жерлерді игеру басталды. Жоғары курс студенттері Мәскеуден тың иге­руге іс-тәжірибеге келді. Олар Көкшетау облысындағы Есіл өзенінің бойында шатырларда тұрып жатты. Дәл осы жерде шопандардың еңбе­гіне арналған картина жазу идеясы туады.

Шынында «Шопан әні» оның ең үздік картиналарының біріне айналды. Картина боз, жоса, қоңыр сынды нәзік түс­термен жазылған. Бұл самал жел тербеткен жібектей бе­тегелі даланы анық жеткізіп тұр. Картинада түстердің бар­лығы өте та­ныс әрі барын­ша табиғи. Көк­жие­гі биік, ұшы-қиыры жоқ кең даланың тегістігі мен ты­ныш­тығын еш нәрсе бұза ал­май­ды. Тек түйе мінген шопан­ның тұлғасы мен жайылып жүрген қойлар ғана осы фонда ерекшеленіп тұр. Ол туған жердің сұлулығын жырлайды. Ол – осы шексіз ұлы даланың қо­жайыны, сон­дықтан кең да­лаға тә­кап­пар­лықпен қарап тұр.

Аталған шығармада үнсіз үйлесім бар, адамзаттың таби­ғат­пен байланысы суретші үшін маңызды санат ретінде ашыл­ған. Әсіресе жайлаудағы қа­зақ­тың қоңыр келбеті мен кең­пейіл мінезін әдемі үйлес­тірген.

Бөлісу:
Шопан әні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар