Қоғам
1 мин оқу 334

«Ай-Шуақтың» алаяқтығын әшкереледі

<p style="text-align: justify;">Қаржылық пирамида құрып, алаяқ&shy;тық&shy;пен ақша табудың түрлі тәсілдерін мең&shy;гергендер бөтеннің мүлкін заң&shy;сыз ием&shy;деніп, өзіне сенгендерді сан соқ&shy;ты&shy;рып кетіп жатады. Күн сайын қатары артып келе жатқан осын&shy;дай алаяқтар үшін әлеу&shy;&shy;меттік желі өздерінің жымысқы әре&shy;кет&shy;те&shy;рін жүзеге асыруға қолайлы болып тұр.</p>

«Ай-Шуақтың» алаяқтығын әшкереледі

Ал алаяққа алданғандардың арызын тыңдап, қылмыстың алдын алу әрине, құқық қорғаушылардың міндеті. Жұрт­тың жиған-тергенін жасырын отырып сыпырып алып, сайда саны, құмда ізін қалдырмайтын мұндайларды анықтап, жауапқа тартуда тергеу орындарының орны ерекше.

Қызылорда қалалық полиция басқар­ма­сында 2018 жылдан бері жұмыс істей­тін тергеуші, аға лейтенант Нұрбол Нұр­мағанбет алаяқтардың алдын кесіп, күр­меуі қиын қылмыстық істерді тергеумен айналысады.

Оның айтуынша соңғы кездері алаяқ­тық әрекетке баратындар күрт көбейген. Өзгенің мүлкін заңсыз ием­денетіндерге жаза қатаңдағанымен өзіне сенгендерге уәдені үйіп-төгіп, ақшасын алып, бой тасалайтындар қатары азаймай тұр.

Тергеуші осыған дейін «Айлуна Голд», «Ай-Шуақ» атты қаржы пирамидаларын анықтап, қыл­­­­мыстық құқық бұзушылықтың жолын ке­сіп­­ті. Біліктілігі арқасында күдіктінің кінә­сін дәлелдеп, істі сотқа жолдады. 2021 жылы Whats­App әлеуметтік мессенджерінде BEFREE аты­мен белгілі болған қаржы ұйымын ашқан топ­тың қылмысын әшкереледі. Тергеп-тексеру жұмыс­тарын жүргізу нәтижесінде «Вклад чат Ерғазы», Wall street секілді топты ұйымдастырған күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеттерін ашты.

«Біздің басты міндетіміз – қылмыстық істерді тергей отырып, жәбірленушінің мұң-мұқтажына көңіл бөлу, қоғамда құқық бұзушылықты болдырмау. Осы орайда біз азаматтардан түскен арыз-шағымдар бо­йынша қолға алынған қылмыстарды ашып, анықтап, оларды сотқа жібереміз. Сот қылмыскерге әділ шешім шығарып, жәбірленушілердің құқығын қорғайды», дейді тергеуші.

Қызылорда

Бөлісу:
«Ай-Шуақтың» алаяқтығын әшкереледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар