Теннис
1 мин оқу 291

Қарсыластары анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Үндістанның бас шаһары &ndash; Нью-Делиде теннистен 14 жасқа дейін&shy;гілер арасында World Junior Tennis Competition 14&amp;under Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.</p>

Қарсыластары анықталды

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші қыздар D тобында Өзбекстан, Иран және Непал құрамаларымен сынға түсетін болды. Кеше жерлестеріміз Непал теннисшілеріне қарсы алғашқы ойынын өткізді. Ал жалпы іріктеу турнирі 18-23 сәуір аралығында өтеді. Бұл сында ел намысын Ева Корышева (Ақтөбе), Ариана Гогулина (Нұр-Сұлтан) және Сәтима Төреген (Алматы) қорғайды. Команда капитаны – Мұқам Ерматов.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында теннистен Қазақстан қыздар құрамасы Билли Джин Кинг кубогы жолындағы жарыс­тың іріктеу кезеңінде Германия құрама­сынан басым түсіп, тұңғыш рет аталған тур­нирдің финалына жолдама жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Қарсыластары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар