Видео
1 мин оқу 320
Елордада жолаушы автобустың терезелерін сындырып тастаған
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда мас ер адам қоғамдық көліктің терезелерін апат кезінде қолданатын балғамен сындырып тастаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 17 сәуірде болған.
«Жолаушы мас күйінде авариялық балғамен №7 бағдардағы электр автобусының терезелерін сындырды. Полиция қызметкерлері жанжал шығарған жолуашыны ұстады. Мән-жайлар анықталуда. Осы жағдайға байланысты автобус желіде жүрудің орнына, қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алу және оны ауыстыру үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр», деп жазылған елордадағы жолаушылар тасымалына жауапты компанияның хабарламасында.
Бөлісу: