Қоғам
1 мин оқу 1,512
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар
<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Өткен жылы Қазақстанда 665 ардагер болған», деді министрлік өкілдері.
Сонымен қатар 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар. Оның ішінде:
қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
тылда еңбек еткендер - 69 248.
Бөлісу: