Күрес
1 мин оқу 280

Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды. 

55 келі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.

Осылайша Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, аталған құрлықтық біріншілікте ел қоржынына бірінші медальді салды.

Бөлісу:
Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар