Аймақтар
1 мин оқу 211

Қостанайда базардан сәбидің денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда ер адам &laquo;Бүркіт&raquo; базарынан жаңа туған қыздың денесін тауып алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қостанайда базардан сәбидің денесі табылды

«19 сәуірде сағат 17:00 шамасында «Бүркіт» базарының аумағында 37 жастағы ер адам жаңа туған сәбидің денесін (пакеттен) тауып алды», деп мәлімдеді Қостанай облысының Полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабында жазылған «жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Полиция халыққа осы факт бойынша белгілі ақпаратты хабарлауды сұрады.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Қостанайда базардан сәбидің денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар