Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды
<p style="text-align: justify;">20 сәуірде еліміздің үш облысында найзағай мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыс орталығында 15-20 м/с қалпында сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
20-22 сәуірде Алматы облысында солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркіреген кезде 17-22 м/с, Алакөл көлінің маңында 25 м/с жел тұрады.
Еске сала кетейік, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады деп болжаған болатын. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады.
Аяна Тоғанбек