Тағайындау
1 мин оқу 520

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Ләззат Жүнісова &laquo;Хабар&raquo; агенттігі&raquo; АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұған дейін ол «Қазмедиа орталығы» ЖШС Бас директоры болған. 1991 жылы Семей технологиялық институтын «Экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Л. Жүнісова еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған.

2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды. 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.

2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың мамыр айынан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС Бас директоры болды.

Бөлісу:
«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар