Әлем
1 мин оқу 186

Нигерияда жол апатынан 20 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Батыс Африкада ірі жол апаты болды. Апат салдарынан автобустың барлық 20 жолаушысы қаза тапты, оның ішінде төрт бала болған еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті Daily Post газетінің хабарлауынша, Нигерияда Баучи-Кано тас жолында екі коммерциялық автобус соқтығысқан.

Полицияның мәліметінше, Volkswagen Golf 3 пен Sharon маркалы шағын автобусының соқтығысуы салдарынан өрт шыққан. Автобустарда барлығы 21 адам болды, олардың 20-сы тірідей жанып қайтыс болды.

Полицейлердің айтуынша, апаттан тек автобус жүргізушісі аман қалып, ауруханаға жеткізілген.

Қайтыс болған жолаушылардың ішінде төрт бала бар. Полицейлердің пікірінше, жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - жол жүру ережелерін елемеу.

Бөлісу:
Нигерияда жол апатынан 20 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар