Аймақтар
1 мин оқу 370

Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Қарағандыдағы тұрғын үйдің екінші қабаттағы терезесінен төрт жасар бала құлап кетті. Түрлі дене жарақаттарын алған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары жазатайым оқиға Қарағандыдағы құрылысшылар даңғылында орналасқан үйде орын алғанын айтады.

«Түстен кейін ересектердің қарауынсыз қалған бала 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті. 2017 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды», дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар бұндай жағдайлардың көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алатынын еске салады.

Бөлісу:
Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар