Оқиға
1 мин оқу 440

Ақтауда қайықпен теңізге шыққан екі адам жоғалып кетті

<p>Екі ер адамды 4 &laquo;А&raquo; шағынауданындағы жағалауда және теңізде іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Олар 19 сәуірде шамамен 20:55-те балық аулау үшін теңізге шыққан. Бірақ ауа райының құбылып кетуіне байланысты жағалауға өз бетінше қайтып орала алмаған.

Іздеуге ТЖД-нің 13 қызметкері, 1 техника және 2 суда жүзу құралы жұмылдырылды. Сондай-ақ 19 әскери қызметші де жоғалғандарды іздеп жатыр.

Бөлісу:
Ақтауда қайықпен теңізге шыққан екі адам жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар