Оқиға
1 мин оқу 240

Алматыда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылған

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды. Қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Forum» сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар Алматы қалалық полиция департаментіне түскен.

«Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қызметі эвакуациялау және тексеру шараларын ұйымдастырды. Саперлер жұмылдырылады. Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар