Білім
1 мин оқу 792

ҰБТ: Түлектер сынақ тестілеуінен тегін өте алады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы сынақ тестілеуден онлайн әрі тегін өтуге болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.</p>

Тестіленуші сынаққа қатысу үшін prob-ent.testcenter.kz сайтында ЖСН-ін енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.

Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, ТАПСЫРЫЛАТЫН пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр.

Онлайн сынақ ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді.

Бөлісу:
ҰБТ: Түлектер сынақ тестілеуінен тегін өте алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар