Футбол
1 мин оқу 312
«Астана» Қазақстан құрамасының футболшысын жазалады
<p style="text-align: justify;">«Астана» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат елордалық команданың негізгі құрамының жаттығуынан шеттетілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Қуат ауыр тәртіп бұзғаны үшін жасөспірімдер құрамасына ауыстырылды», деп жазды Prosports.kz порталы.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ мұндай шешімді «Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич қабылдағанын жазған. Оған себеп – шетелдік әріптесі Джереми Манзорромен жанжал. Бірақ француз футболшысы жазаланбады, бұл «Астананың» басқа ойыншыларының наразылығын тудырған.
Бөлісу: