Әлем
1 мин оқу 493

Еуропалық Кеңес басшысы Киевке барды

<p style="text-align: justify;">Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель Украина астанасы Киевке барды. Жұмыс сапары аясында ол ел президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізбекші, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Киевтемін. Еркін және демократиялық Еуропаның дәл жүрегіндемін», деп жазды Ш.Мишель өзінің Твиттер парақшасында.

Еуропалық Кеңес басшысын Украинаның Еуропалық істер және еуроатлантикалық интеграция жөніндегі вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина қарсы алды.

Бұған дейін Украинаға Еуропалық Парламенттің төрағасы Роберта Метсола, Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен және ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель келген еді.

Бөлісу:
Еуропалық Кеңес басшысы Киевке барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар