Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өткізілмейді
<p style="text-align: justify;">Биыл білім беру ошақтарында 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізілмейтін болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ», делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлікте әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс және басқа да шаралар ұйымдастырудың қажеті жоқ екені айтылды.
«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», деп қосты баспасөз қызметі.