Өнер
2 мин оқу 414

Көшпендінің бір күні

<p style="text-align: justify;">Бабалар жайлы бірауыз сөз айту үшін аңызға сүйенетініміз анық. Сондай бір әдемі әпсананың бірі &laquo;кентаврлар&raquo; жайында сыр тартады. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар &laquo;кентавр&raquo; деп атапты. Бертінде оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойын&shy;дап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы пайдаланды.</p>

Көшпендінің бір күні

Ол ол ма, бұдан кейін қа­зіргі сіз бен біз киіп жүрген шалбарды ойлап тапты. Ат үс­тінде ыңғайлы отырайын деп биік өкшелі аяқ киім жасап шығарды. Енді ойлансаңыз, адамзат өркениетіне үлкен жаңалық енгізуде көш­пенділер тұрмысының тамшыдай емес, теңіздей үлесі бар. Мұ­ны су­ретші Нелли Бубэнің «Көш­пен­дінің бір күні» картинасынан байқаймыз.

Қазақы бояуды қанына сіңір­ген қылқалам шебері өз туындыларында көшпенділердің өмірі, күн мен жарық аясындағы жұмбақ дала тарихы, әдемі киінген адамдар, түйе өркеште­ріндегі құнды жүк бейнелерінде беріледі. Оның барлық картинасы коллаж, бедерлі паста және туындыға ерекше салтанат беретін алтынмен жылтырату сынды күрделі аралас техникамен орындалған.

«Көшпендінің бір күні» кар­ти­насында көшпенділер тұр­мысының поэзиясы берілген, өз халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілікке негіз­делген дала дәстүрі өзіндік ерек­шелігімен жа­зыл­ған. Шығар­ма шартты түрде екі бөлімге бө­лінеді: Шығыстың көне қала­ла­рының сәулетіне тән жүк арт­қан түйелер, оң жағында ер адам­дардың бейнесі көрсе­тіл­ген.

Суретші қарама-қарсы қа­нық түстерді пайдаланған, тұл­ғалардың анық нобайы кенеп­тің көмескі алтын фонында ерекшеленіп, көрерменнің назарын өзіне тартады. Нелли Бубэ өз туындысында қазақтың ұлт­тық киімін киген әртүрлі жас­тағы ер адамдарды бейнелеу ар­қылы ұрпақ сабақтастығын көрсетеді.

Бақсаңыз, туындының жо­­ғар­ғы жағына петроглиф­тер­дің суретін және сақ жауын­герле­рінің қаруы саналатын екі ақи­нақтың суретін орналас­тыру арқылы көшпенділердің байыр­ғы мәдениетін жырлайды. Мұнда суреткер костюмдерге, баскиімге, тұр­мыстық дәстүрлі заттарға ілти­патпен қарайды. Сол ар­қылы қазақ мәдениетінің тарихын ғана емес, сонымен қатар скиф, сақ тайпаларының дәуірін де жырлайды.

Бөлісу:
Көшпендінің бір күні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар