Білім
1 мин оқу 650

40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасына енді

<p style="text-align: justify;">Биылғы еңбек нарығының трендтерін талдаудың нәтижесінде &laquo;Болашақ&raquo; бағдарламасының басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы 40 жаңа мамандық қосылды.</p>

40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасына енді

Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңей­тіліп, бұрыннан бар мамандықтар қа­тары­на қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретін­де енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым маман­­дықтардың тізімі техникалық бағыттағы маман­дықтармен 30%-ға кеңейтілді.

Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтінімге талдау жасады. Кадрлық нарықтың ортамерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткізілді.

«Биыл шетелдік жоғары оқу орын­дарында білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы ака­демия­лық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арнал­ған 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан қарауға болады», дейді «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Бөлісу:
40 жаңа мамандық «Болашақ» бағдарламасына енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар