Білім
2 мин оқу 310

Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады

<p style="text-align: justify;">Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша түрлі мемлекеттің ұстанымын көрсетті.</p>

Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады

Студенттер 27 елдің экологиялық проб­ле­маларды шешудегі шешімдері туралы баян­дады. Әркім өзіне белгіленген мемле­кет­тің ұстанымын жақсы жағынан көрсетіп, тиімділігін дәлелдеуге тырысты. Айталық, М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенті Қазына Мүсіркеп Дания мемлекетінің қоршаған ортаны қорғау министрі рөлінде, CO2 шыға­рындыларын азайту үшін көбірек эколо­г­иялық құрылысты қосу туралы бас­тама көтер­ді. Қатысушының ойынша, бұл экоүй­лер­де жаңартылатын энергия көздері пайдаланылады және болашақта табиғатты ғана емес, ақшаны да үнемдейді. Іскерлік ойынға қатысқан 27 студент климаттың өзгеруі, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, «жасыл» қаржыландыру», инновациялар, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың бәрін пайдаланудың салдары сияқты факторлар төңірегінде өздерінің шешімдерін және дәлелдерін ұсынды.

Іс-шарада сөз алған Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Кес­ту­тис Янкаускас:

– Біз «Еуропалық одақтың ұстанымы» деген сөзді жиі естиміз. Бүгін біз бұл ұста­ным­ның қалай әзірленетінін көрсеткіміз келді. Әрбір министр кеңес шеңберінде өз мемлекетінің мүдделерін қорғайды және бұл мүдделердің қарарда қаншалықты ес­керілетіні соған ғана байланысты болады. Бұл – үлкен жауапкершілік. Біз экология тақырыбын таң­да­дық. Себебі бұл тек Еуропалық одақ елдері үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері үшін де маңызды. Өйткені климаттың өзгеруі барлығымызға қа­тыс­ты. Біз үшін маңызды, ал студенттер үшін, болашақ ұрпақ үшін одан да маңызды, – деді.

Өткізілген пікірталастың қорытындысы бойынша қатысушылар ойын барысында айтылған барлық идея мен ұсынысты қамтитын қарар қабылдады.

Бөлісу:
Еуроодақтың проблемасын елордалық студенттер талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар