Қоғам
2 мин оқу 194

Басшыларға жауапкершілік жүктейді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлығы көптің қолдауына ие болғаны белгілі. Құжатта &laquo;ерлер мен әйелдерге қатысты тең құқықтар мен мүмкіндіктер&raquo; қарастырылғаны қуантып отыр. Бұл нақты бір шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органдардағы әйелдерге де аса қажет.</p>

Басшыларға жауапкершілік жүктейді

Екінші бір мәселе: біздің заң­на­­мада «дискриминация» ұғымы әлі жоқ. Конституцияда да бұл өте шек­­теулі ерек­шелігі бар анықтама бо­лып тұр. Негізгі заңда: «Тегі­­не, әлеу­мет­тік, лауазымдық және­ мү­­лік­­тік жағ­дайына, жынысы­на, нәсі­ліне, ұлтына, тіліне, дінге көз­­қа­­­ра­сы­­на, наны­мына, тұрғылықты же­­ріне немесе кез келген басқа жағ­да­й­­­ларға бай­ла­ныс­ты ешкімді кем­сіту­ге болмай­ды» деп нақты жазыл­ған. Ал бізде жа­­лақы, олар­ды жер­гі­­­лікті жерлерге ұсы­ну жа­ғынан да, үне­мі физи­ка­­лық, жы­ныстық, пси­хо­ло­гиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы тұрғысынан да әйелдерге тең дәрежеде қарау үрдісі, өкінішке қарай, әлі қалыптасқан жоқ.

Қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне сүйене отырып, Прези­дент жыныстық белгісі бойынша кем­с­іту­шілікті жою жөніндегі шараларды әзірлеуге баса назар аударғаны қуантады.

Осыған қарай адамдардың өз пі­кірін ашық айтуына мүмкіндік бе­ріл­гені жөн болар еді деп санаймын. Өйт­кені біз жай ғана өзіміз айта бермей, шынымен де елге тиісті жағ­дай жасайтын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымыз керек. Мысал ретінде Алматы қаласы Же­тісу ауданының әкімі Гүлнар Көке­бае­вамен болған кездесу туралы айт­қым келеді. Маған көп­шіліктің алдында микрофон алып, пікірін біл­діргісі келетіндердің бәрі билік өкі­ліне қандай мәселемен жү­гін­гені ма­ңызды емес екендігі ұнады. Әкім олар­­дың мәселелерін шын мәнінде де естіді деп ойлаймын. Қалай болғанда да, олар «Сіз уәде бер­діңіз, бірақ орын­да­мадыңыз» деп айт­қан кезде, аудан бас­шысы бұл мәсе­леге тағы да назар ауда­руға уәде берді.

Егер мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетін болса, онда мемлекет те шын мәнінде «еститін» болады. Сондай-ақ басшылар көкейкесті мә­се­лелерді бірден шешуге дағдылана түседі. Сол арқылы біз дамудың жаңа дең­гейіне көтеріле аламыз. Әрине, жур­налистер де өз ойларын ашық айтса дейміз. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бел­гі­лі бір дерек бойынша баға бере алады.

Мигранттардың, азаматтығы жоқ адам­дардың және босқындардың құқық­тары туралы тармаққа келетін бол­сақ, бұл өзгерістер ең алдымен, Украи­надағы оқиғаларға байланысты қолға алынып отыр. Ел болған соң бізге де қатысы бар. Елімізде құжатсыз өмір сүріп жат­қан адамдардың саны әлі де көп. Жарлықта осы мәселеге ай­­рық­ша ден қойған.

Жалпы, Жарлыққа зер сала оты­рып, оң өзгерістер көп екенін, Мем­ле­кет басшысының жаңа қадам­дар­ға тәуекел етуге дайын екенін бай­қа­дым.

Зүлфия БАЙСАҚОВА,

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі

Бөлісу:
Басшыларға жауапкершілік жүктейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар