Қоғам
1 мин оқу 460

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды

<p style="text-align: justify;">19 сәуірде ұсталған генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасына сілтеме жасап.</p>

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды

«Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қажеттілігінің болмауына байланысты Қ.Қарақұловты Бас прокурордың көмекшісі УҰИ-дан босатты», деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 26-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («немқұрайлылық») бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы Қ.Қарақұлов УҰИ-ға қамауға алынған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар