Оқиға
1 мин оқу 205
Өскеменде алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер анықталды
<p style="text-align: justify;">ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері аймақтағы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласында алкоголь өнімін заңсыз өндіру дерегін анықтады, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Тексеру барысында 2 145 дана «Түркістан» коньягы, 12 945 коньяк бұйымдары, 620 дана «ОША» арағы, 4 000 бос шыны бөтелкелер ыдысы, 15 000 арақ қалпақшалары, қақпақтарды мөрлеуге арналған 2 құрылғы, сорғы мен шлангтарға қосылған 500 литрден астам спирті бар пластикалық ыдыс табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ әкімшілік іс қозғау мәселесі қарастырылуда», делінген ақпаратта.
Бөлісу: