Теннис
1 мин оқу 183

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

<p style="text-align: justify;">Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия-Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен кездеседі.

Бөлісу:
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар