Күрес
1 мин оқу 350
Гүлмарал Ерекебаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 килода қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 кило салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Бөлісу: