Экология
1 мин оқу 460

Ақсу су қоймасында балықтың неден қырылғаны анықталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының Ақсу ауылдық аймағының Ильюшка өзенінде балық қырылды.&nbsp; Оған су айдындарында мұздың қатып қалуы себеп болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, Ильюшка өзенінің тереңдігі – 1,5-2 метр.  

–  Өзен тұтастай қатып қалмаған, белгілі бір жерлерді мұз басқан. Сол жерлерде балықтар өліп қалған. Ильюшкадан  25 кг шортан аулап, көмдік. Сондай-ақ резервуардан зиянды заттар, ауыр металдар мен химиялық заттар үшін сынама алынды, –  деді Жасұлан Жұмашев.

Бөлісу:
Ақсу су қоймасында балықтың неден қырылғаны анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар