Оқиға
1 мин оқу 340
Өскеменде автобус 5 жасар қызды қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында автобус қаққан 5 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Жол-көлік оқиғасы 21 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Бажов көшесінде болған.
«Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды аялдамадан түсірген кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, 5 жасар қызды қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде мерт болған», делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу: