Жаңалықтар
1 мин оқу 315

Ресейдің қауіпсіздік серіктестері – Сочиде

Кеше Сочиде (РФ) арнаулы қызмет қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары шет мемлекеттер – Ресей ФҚҚ серіктестері XІІІ кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі. Екі күн аралығында кеңеске қатысушылар терроризмге және өзге де заманауи қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету саласындағы мәселелердің кең ауқымын талқылайды. Кеңес жұмысына 55 мемлекет­тің арнаулы қызметі мен халық­аралық ұйымдар өкілдері қаты­сады. Қазақстандық делегацияны ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев бас­қарады.
Бөлісу:
Ресейдің қауіпсіздік серіктестері – Сочиде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар