Қазақстан
1 мин оқу 310

Сәукең, Қабең және Мұхаметжан

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы туғанына сексен бес жыл толған қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі, бірнеше кітаптың (ішінде неміс, орыс тілдерінде шыққан туындылары мен өзінің ертегілері де бар) авторы, Жамбылдың әдеби-мемориалдық музейін ұзақ уақыт басқарған марқұм Мұхаметжан Етекбаев елге белгілі шығармашылығымен қатар, нағыз қонақжай адам еді.</p>

Сәукең, Қабең және Мұхаметжан

Ол өзінің туған жері – Жам­­­­­был ауданы Қара­қыс­­тақ ауылындағы қараша­ңы­ра­ғын­да талай қаламгерді, өнер адам­дарын сыйлап кү­тіп, мей­мандостық ақ пейілін танытқан жайдары жан болатын.

Ал енді Мұхаметжан аға­­­­­ның жан жары, қазақтың атақ­ты, айбынды байы Медеу Пұ­сыр­мановтың ұрпағы болып келетін қазір көзі тірі Хазима Ай­дарбекова әжеміз берген мына сур­еттің жай- жағдайына келейік.

Өткен ғасырдағы 1970 жыл­­дың көктемінің орта тұ­сында Мұқаң қазақтың екі қаламгері – Қабдеш Жұмаділов пен Сәуірбек Бақбергеновті құшақ жая қарсы алады.Ал­дымен әрине, өзі жетекшілік ететін Жамбыл музейіне апарып, асықпай әбден аралатады. Сонаң соң үшеуі Қарақыстақ ауылы тұсындағы асқақ Ала­тау бөктеріне көтеріліп, «көңіл құсын көкке ұшырған» ғой.

Дәл осы жерде қазақ әде­бие­тінің болашақ классигі Қаб­деш Жұмаділов пен ойлы очерктері мен талай тамаша ро­ман-повестерімен танылған майдангер қаламгер Сәуірбек Бақбергенов үшеуі Алатау бау­райында ескерткіш үшін суретке түсіпті.

Сол жақтан бастасақ, алдымен Мұхаметжан, одан кейін тартымды туындылары­мен бірге бурыл шашымен, қою мұртымен сәні келіскен Сәуір­бек ата және қаламгерлік ерен еңбегімен қазақ ұлты үшін белі қайысқан Қабдеш аға.

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист

Алматы облысы,

Қарасай ауданы

Бөлісу:
Сәукең, Қабең және Мұхаметжан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар