Өнер
1 мин оқу 620

Тұран даласына күй шашу

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының Сайрам, Созақ аудандарының тұрғындарын тамаша өнерімен тәнті еткен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің &laquo;Тұран даласына күй шашу&raquo; атты гастрольдік концерті облыс орталығында жалғасын тапты.</p>

Тұран даласына күй шашу

Киелі Түркістанға арнайы келген тарихи оркестр «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қазақ халқының дәулескер күйшіле­рінің күйлері мен ұлы композиторларының әндерінен шашу шашты. Сонымен бірге әлем музыканттарының классикалық туындыларын тарту етті.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұ­хамед­қы­зы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­­керлері – Жұба­ныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Мәдениет саласының үздігі Айнұр Әбілдаева ән шырқап жұртшылықтың ықыласына бөленді.

Оркестрдің бас дирижері – «Да­рын» жастар сыйлы­ғының лауреаты Абылай Тілепберген мен дирижер, мәдениет қайраткері Жексен Айсын да оркестрді шабыт­тандырып, музыка әлеміне жете­лей білді. Мазмұнды да әсерлі кеш сыйлаған оркестр ұжымына түркістандықтар ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті. Оркестрдің облыстағы өнер сапары Ордабасы ауданында түйінделмек.

Бөлісу:
Тұран даласына күй шашу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар