Әлем
1 мин оқу 410

Өзбекстанда су тасқынынан бес адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанның Жызақ облысында нөсер жауын салдарынан болған селден бес адам көз жұмды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республиканың облыстық прокуратурасының мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан тағы алты адам түрлі дене жарақатын алған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Табиғи апат салдарынан 100-ден астам адам эвакуацияланды, су астында қалған 260 үйдің 53-і толығымен қирады.

Сондай-ақ Самарқан облысында үйлер мен көшелерді су басқан, Қашқадария және Науаи облыстарында да су тасқыны тіркелді.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы 10-15 жылда тұрақты түрде ауа райының жылынуы (орташа температураның жылына 1,5%-ға артуы) жауын-шашынның ұлғаюына, соның салдарынан су тасқыны мен селдің жиілеуіне әкеп соғады.

2021 жылдың шілде айында Қырғызстанмен шекаралас, Өзбекстанның шығысындағы Наманган облысында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, 8 адам көз жұмып, алтауы зардап шеккен болатын.

Бөлісу:
Өзбекстанда су тасқынынан бес адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар