Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады
<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруында. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.</p> <p> </p>
«Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады. Олар «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-ын құрайды», делінген агенттік хабарламасында.