ANTIKOR
1 мин оқу 250

Кәрім Мәсімовтің інісі пара алды деген күдікке ілінді

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.</p>

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады», делінген хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Бөлісу:
Кәрім Мәсімовтің інісі пара алды деген күдікке ілінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар