Елорда
1 мин оқу 350

Елордада футзалдан республикалық турнир басталды

<p style="text-align: justify;">Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің University Sports Centre спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында футзалдан екі күндік &laquo;МИИР PRESS CUP&raquo; турнирінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға ҚР ИИДМ аппарат басшысы Ерболат Мұқаев, ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған турнир қазақстандық БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, журналистер мен редакциялардың шығармашылық ұжымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізіледі.

,

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 18 команда қатысуға ниет білдірді. Жеребе қорытындысы бойынша олар 4 топқа бөлініп, әр топтағы екі мықты команда плей-оффқа жолдама алады. Турнир 23 сәуірде аяқталады деп жоспарлануда. Барлық ойындар «University Sports Centre» кешенінде өтеді.

BAQ liga журналистер лигасы — БАҚ командалары арасында мини-футболдан тоғыз маусым көлемінде және волейболдан чемпионат өткізген, БАҚ ұжымдарына арналған кездесу алаңы. Жалпы BAQ liga өткізген жарыстардың барлық маусымына еліміздегі 70-ке жуық БАҚ-тан 700-ден астам журналист қатысты. Турнир серіктестері — Qazaq geophysics және Kazakhmys barlau компаниялары.

«University Sports Centre» — бұл ауданы 7 мың шаршы метрден асатын, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гандбол, күрес сияқты спорт түрлері бойынша жаттығу сабақтарын өткізуге, сондай-ақ арнайы спорт секциялары бойынша жарыстарға арналған заманауи кешен. Спорт кешені 2021 жылдың 25 мамырында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 25 жылдығын мерекелеу аясында ашылды.

Бөлісу:
Елордада футзалдан республикалық турнир басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар