Күрес
1 мин оқу 390
Рахат Қалжан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында еркін күрестен жарыстар басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалға шықты. Ол жартылай финалда қырғызстандық Алмаз Сманбековті 6:5 есебімен жеңді.
Ақтық сында Рахаттың қарсыласы Үндістан спортшысы Кумар Рави болады. Сондай-ақ екі қазақстандық атлет жұбаныш финалына жолдама алды.
Талғат Сырбаз (70 келіге дейін) бен Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін) үшінші орын үшін таласады.
Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.
Бөлісу: