Оқиға
1 мин оқу 410
Елордада жүргізуші куәлігін алуға «көмектесетін» алаяқ ұсталды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 27 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ол 60 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасатып беруге уәде беріп, қала тұрғынының ақшасын алған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ізін суытқан», деп көрсетті тәртіп сақшылары.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: