Теннис
1 мин оқу 604

Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты.

Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4.

Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар