Футбол
1 мин оқу 210

Футзалдан журналистер арасында республикалық турнир өтті

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда футзалдан БАҚ өкілдері арасында &laquo;МИИР PRESS CUP-2022&raquo; республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген 18 команда қатысты.

Қортындысында елордалық «Қазмедиа» командасы жеңімпаз атанса, «Qazaqstan-Qazsport» командасы және оңтүстік журналистерінен құралған «Шымкент» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ турнир жеңімпаздары 1 орын үшін – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 600 мың теңге және 3 орын үшін – 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Ал турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншыларда арнайы марапаттарға ие болды.

Бөлісу:
Футзалдан журналистер арасында республикалық турнир өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар