Аймақтар
1 мин оқу 334

ШҚО-да 1200-ден астам жігіт әскерге шақырылады

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында 1200-ден астам жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге шақыртылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы науқанда 1200-ден астам жігіт әскерге шақыртылады. Өскеменде әскерге шақырылғандармен салтанатты қоштасу рәсімі өтті. 50 сарбаз Жамбыл облысына жіберілді. Олар №91678 әскери бөлімінде борыштарын өтейді.

«Аман-есен елге оралуларыңа тілектеспін. Біздің және ата-аналарыңның артқан үмітін ақтайтындарыңа сенемін», деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға еліміздің Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, әскерге шақырылғандардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Қазіргі уақытта шекара қызметіне шақыру аяқталып, Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштеріне баратындар жасақталуда.

Бөлісу:
ШҚО-да 1200-ден астам жігіт әскерге шақырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар