Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-орынға көтерілді
<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 19-дан 18-орынға көтерілді. Юлия Путинцева бірден жеті саты жоғарылап, 44-орынға жайғасты.
Зарина Дияс 116-сатыда келеді. Жұптық сында Анна Данилина 21-сатыда болса, Шымкенттегі ITF W15 жарысында жеңіске жеткен Жібек Құламбаева 300-орынға шықты.
Гөзал Айнитдинова 423-орында. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те көрсеткішін жақсартып, 33-тен 32-ге жоғарылады. Михаил Кукушкин 167-ден 164-ке, Дмитрий Попко 171-ден 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов 194-інші, Денис Евсеев 345-інші, Бейбіт Жукаев 510-орында тұр.
Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 243-сатыда келеді.