Аймақтар
1 мин оқу 230

Алматыда ұрланған қарулар тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде қаланы тонауға қатысқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

1990 жылы туған Н есімді азамат қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкеннен қару ұрлағаны үшін сотталды.

«Күдікті ұрлаған қару-жарақ қоймасының орны – ауыл шетіндегі үйіндіден анықталды. Нәтижесінде 22 калибрлі «SAVAGE» бұрандалы карабині мен 12 калибрлі «ATA ARMS» тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Қылмыстың сыбайластарымен қатар басқа да қару-жарақ жасырылған орындар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз», деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов

Полицейлердің мәлімдеуінше, Алатау ауданында анықталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жасырылған орын табылды. Қару сараптамаға жіберілді. Ал қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», деді Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев

Бөлісу:
Алматыда ұрланған қарулар тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар