Қазақстан
1 мин оқу 196

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бес облысының ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ақмола облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.

«Қарағанды облысының батысы мен шығысына түнде тұман түседі. Жезқазған қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с», деп жазды ведомство.

Бөлісу:
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар