Теннис
1 мин оқу 250
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
<p style="text-align: justify;">Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды. Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді. Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.
Бөлісу: