Тағайындау
1 мин оқу 1,262

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласының әкімі болып Миржан Сатқанов тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихатпен келісе отырып, меритократия қағидаттарына сәйкес Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасының Докуз Ейлюл университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған.

Бөлісу:
Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар