Қаржы
4 мин оқу 680

Базалық мөлшерлеме неге өсті?

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 0,5 пайыздық тар&shy;маққа дейін жоғарылатып (13,50-ден), 14 пайыз деңгейінде бел&shy;гіледі. Осылайша, көпшілік күткен төмендеу жүзеге асқан жоқ. Ұлттық банк ақша-несие саясатын әрі қарай қатаңдатуға көш&shy;&shy;кенін көрсетті. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің хабар&shy;&shy;лауын&shy;ша, әлемде инфляциялық қысымның күшеюі, Қазақ&shy;станның сауда серіктес елдеріндегі баға қымбатшылығы база&shy;лық став&shy;каның көтерілуіне негіз болған. Биыл наурызда жыл&shy;дық инф&shy;ляция 12 пайызға дейін жетіп, рекорд жаңартқан болатын.</p>

Базалық мөлшерлеме неге өсті?

Ұлттық банк ресми хабарламасында мөлшерлемені көтеру белгісіздіктің күшеюі мен несие беру шарттарының өзгеруі жағдайында несиелендіру үшін тежеуші фактор болып саналмайтыны айтылған. «Келешекте банк секторы экономикалық агенттер­д­ің тұтынушыдан жинаққа дейін­гі іс-әрекетін қайта құрылым­дау моделінен қалыптасып отыр­ған экономикалық, сондай-ақ ықти­мал бірігулер мен жойылып кету жағдайларына байланысты өз­герістерге бейімделе береді», делі­неді хабарламада.

Халықаралық валюта қоры­­ның болжамы бойынша, 2022 жылы әлемдік инфляция жоғары қалпын сақтап қалады. «Дамыған елдерде инфляция 5,7% (бұған дейінгі баға 3,9%) деңгейінде, дамушы елдерде – 8,7% (бұған дейінгі мәні 5,9%) деңгейінде болады. 2023 жылы әлемдік эко­номиканың баяу дамитыны және энер­го­та­сымалдаушыларға төмен баға белгіленетіні күтіліп отырған жағдайда дамыған елдерде инфляция 2,5%-ға дейін, ал дамушы елдерде 6,5%-ға дейін баяу­лай­ды. Базалық мөлшерлеме бойынша алдағы шешімдерді қабылдау кезінде статистикалық деректер мен «2022 жылғы мамыр-маусым» болжамды раун­дының нәтижелері негізгі рөлді атқарып шығады. Инфляциялық күтулердің траекториясын, ин­фля­цияның жаңартылған болжамдарын, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ туындауы мүмкін қосымша инфл­я­циялық күйзелістердің қаупін ес­кере отырып, ақша-кредит шарт­тарын одан әрі қатайтуға мүм­кіндік бар», делінеді мәлім­демеде.

Сөйтіп, Ұлттық банк база­лық ставканы тағы да көтере түсуі мүмкін екенін айтып отыр. Бұған дейін Қаржы ми­нистрі Ерұлан Жамаубаев база­лық ставканы төмендетуге ша­қыр­ған еді. «Ұлттық банк Үкі­мет­пен бірлесіп базалық ставка деңгейін қайта қарауы керек. Базалық мөлшерлеме эконо­ми­ка ставкаларына, соның ішінде депозит, несие, бағалы қағаздар ставкаларына да әсер етеді. Инфляцияны тежеу үшін Ұлттық банк базалық ставканы жоғары деңгейде ұстау керек дейді. Ал біз қайта қарастыруды ұсынамыз. Өйткені қазір дол­лар­ға қатысты теңге курсы тұ­рақ­т­алып, бұрынғы деңгейіне қай­тып оралды. Қалыпты пайыз­дық ставкасыз біз экономи­каны несиелеу үшін қажет ақшаны таба алмаймыз», деген еді Е.Жамаубаев.

Алайда Ұлттық банк бұл мәлім­де­мені ескерген жоқ. Тиісінше, көп­теген қаржы сарапшылары тара­пы­нан бұл шешім сынға ұшырады.

Базалық ставка – орталық банк­тің несие ұйымдарына кредит берер кезіндегі минимал­ды ставкасы және банк депо­зит­терін қабылдау бойынша мак­сималды ставка. Мөл­шер­леме мемлекеттік қарыз тарту құ­ны­на тікелей әсерін тигізеді. 24 ақ­панда база­лық ставка 13,5 па­­йызға күрт көтерілген соң біз­де мемлекеттік қарыз тарту ставкасы да көтеріліп кетті. Сол себепті Қаржы ми­нист­рлігі став­каны төмендетуді сұраған еді.

«Демек несиелер де қымбат­тай­ды. 10 пайыз мөлшерінде сый­ақы есептеген депозиттер сәл болса да тартымды. Есесіне бізде капитал тарту ставкасы жоғарылайды. Біз жай ғана елдегі несие импульсін жоя отырып өзімізді қарызға айдап салдық. Еліміз жоғары ставка бо­йынша онсыз да көшбас­шы елдердің бірі», деп жазады FINANCEkaz телеграм каналы.

Десе де Ұлттық банк база­лық мөл­­шер­ле­мені көтеру арқылы инфля­ция­­ның жолын кесеміз деп жос­парлайды. Қаржыгерлер қауым­дастығының талдаушысы Зарина Скрипченко да осы ойда. Оны­ң айтуынша, баға өсіп, инфля­ция ырық бермей тұрған кезде ставк­аны тө­мен­дету жағым­сыз жағ­дайларға әкеп соқтыруы ықтимал.

«Банк несиесі тұрғысынан айтсақ, займдар бойынша нарық­тық ставка біраз салада қолжетімді болып қала береді. Мысалы, азық-түлік және сусын өндіретін компаниялар үшін ставка 13,1 пайызды құрады, ал қарыз беру 9 пайызға көбейді. Сонымен қатар неғұрлым қуат­ты инвестициялық жобалар, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы үшін пайыздық ставканы мемлекеттік субсидиялау жүреді. Егер база­лық ставка инфляцияны жап­пай­тын болса, онда ақшаны теңге­мен сақтаудың мәні жоға­ла­ды. Нәтижесінде, не инфляцияны одан әрі күшейтетін тұтынушылық сұраныс өседі, не экономикада долларлану қар­қын­ды жүріп, ұлттық валю­таға қысым жасалады», деді сарапшы.

Экономист Владислав Турк­ин базалық мөлшерлеме тұ­­ты­ну­­шылық несиелеуге әсер ет­пейтінін жеткізді. «Тұтыну­шы­­лық несие­леу, бұл – масса өсі­міне әсер етпейтін импорт. Бірақ теңгелік масса өсіміне кор­по­ративтік несие­леу әсер ете­ді. Ішкі экономиканың дамуы және қайта құрылуы дәл осы корпоративтік несиелеуге тәуел­ді. Тағы да субсидиялау күте­міз. Көршілеріміз де қарап отыр­ған жоқ, экономикасын қайта құ­рылымдап, бізге қарай экспортты өсіруге тырысып жатыр», дейді ол.

Телеграмдағы Risk Takers ка­налы­ның сарапшылары Ұлт­тық банк биыл инфля­ция өсімі бойынша болжамды жарияламағанын, бұл ақша-несие рет­теушісінің коммуни­кация­сындағы үлкен олқылық болғанын жеткізді.

«Алайда оң қадамдарды да атап өтеміз. Ұлттық банк өз мәлім­деме­сінде ал­дағы жылдағы инфляция­ны сандық бағалау 11,4% құрағанын көр­сетті. Біз рес­понденттердің күту­лерімен келісеміз. Өйткені осы жыл­дың бірінші тоқсанының жоғары базалық әсері келесі жылдың басында бағаның өсуіне тосқауыл болады. Бұл 2022 жылдың со­ңында аталған көрсеткіш күтіл­геннен жоғары болуы мүмкін дегенді білдіреді. Біз бұған дейін 2022 жылғы инфляция өсімі 14 пайыздан жоғары бола­ды деп болжаған едік және сол болжам өзгеріссіз қала­ды. Сондай-ақ ақша-несие фак­торы ішкі сұранысты өсіре­ді дегенмен келіспейміз, кері­сінше монетарлық факторлар өсімді ынталандырмай жатыр. Ұлт­тық банк биыл ставканы агрессивті түрде көтеруге мәж­бүр деп жазғанбыз және жария­ланған 14 пайыз деңгейі әлі де жеткіліксіз», дейді олар.

Базалық ставка бойынша ендігі шешім 2022 жылы 6 маусымда жария етіледі.

Бөлісу:
Базалық мөлшерлеме неге өсті? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар