IQALA.KZ порталы жұмысын тоқтатады

Бірінші мамырдан бастап iQala қалалық қызметтер орталығының порталы барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болмайды. Ресурс жұмысының техникалық тоқтатылуы жобаның елордадағы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына берілуімен байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы мен хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.
Орталық клиенттеріне көрсетілген қызметтердің нәтижелерін сақтау үшін 30 сәуірге дейін жеке кабинеттеріндегі бар мәліметтерді, оның ішінде шарттарды, актілерді, техникалық шарттарды жүктеу және сақтау ұсынылады.
Орталықтың клиенттері көрсетілген қызмет нәтижесінің екінші данасын тікелей қызмет көрсетушілерден ала алады.
Бірінші мамырдан кейін тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша тұрғындар «Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ-ге жүгінулері керек.