Елорда
1 мин оқу 340

Елорда мешіттері Қадір түнін қалай қарсы алады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайты<span lang="KZ">на сілтеме жасап.</span></p> <p>&nbsp;</p>

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады. Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады. Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі.

Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді.

Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады. Автобустардың бағдарлары төмендегідей:

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Спутник» супермаркеті;

- ТЖ вокзалы;

- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- ТЖ вокзалы;

- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Рахмет» СО.

Бөлісу:
Елорда мешіттері Қадір түнін қалай қарсы алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар