Теннис
1 мин оқу 160

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан теннисшісі Айсам-уль-Хак Курешимен (Пәкістан) бірге бастапқы кездесуін босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-пәкістандық жұп басымдық танытты – 6:2. Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Недовесов пен Куреши жеңісті жұлып алды – 10:4. Бір сағат 20 минутқа созылған матчта қарсыластар 4 эйстен жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Недовесов – Куреши жұбы жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винуспен сайысқа түседі.

Бөлісу:
Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар